
Дауленбаева Шолпан Ануарқызы
Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Дауленбаева Шолпан Ануарқызы 1986 жылы 22 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген.
2009 жылы Қызылорда Мемлекеттік университетін «Жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру» мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.
2015 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «Экономика және бизнес» магистрі мамандығы бойынша бітірген.
2017-2019 жылдары Семей қаласындағы Қазақстан Инновациялық академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Байқоңыр «Космос» колледжінде кітапханашы қызметінен бастаған.
2010 жылы арнайы пән оқытушысы.
2011 жылы Қармақшы аудандық жұмыспен қамту мекемесінде инспектор.
2013 жылдан қазірге дейін «Академик С.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
VII шақырылымда аудандық мәслихат депутаты болып сайланған.
«Amanat» партиясының мүшесі.





