
Асылов Марат Мұқанғалиұлы
Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Асылов Марат Мұқанғалиұлы 1972 жылы 1 наурызда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде дүниеге келген.
1990-1992 жылдары Кеңес әскері қатарында болған.
1993-1998 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтының «Дене тәрбиелеу мәдениетінің оқытушысы, спорт жаттықтырушысы» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім алған.
1992-2005 жылдары Қармақшы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде самбо бөлімінің жаттықтырушысы болған.
2005-2006 жылдар аралығында Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатында дзюдо бөлімшесінің жаттықтырушы-оқытушылық қызмет атқарған.
2006-2008 жылдарда Қармақшы аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің «Спорт клубы» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.
2008-2020 жылдар аралығында Қармақшы аудандық №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы болған.
2020 жылдан бастап Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Спорт клубы» директоры қызметін атқарып келеді.
«Amanat» партиясының мүшесі.





