
Дәуленбаева Шолпан Әнуарқызы
Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1986 жылы 22 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген.
2003 жылы №6 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебін бітірген.
2009 жылы Қызылорда мемлекеттік университеті «Жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру» мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылы Қазақ инжинерлік-техникалық академиясы «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.
2015 жылы Қазақ инжинерлік-техникалық академиясы «Педагогика ғалымдарының магистрі.
2019 жылы Қазақстан Инновациялық Академиясы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2013 бастап жылдан Академик С.А.Джиекулов атындағы Байқоңыр колледжінде (бұрынғы Байқоңыр «Космос» колледжі), директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
VII шақырылған Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты.
«Amanat» партиясының мүшесі.





