Рзалиев Еркін Оразалыұлы

    Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты

    Рзалиев Еркін Оразалыұлы
    Депутат маслихата

    Рзалиев Еркін Оразалыұлы

    Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Рзалиев Еркін Оразалыұлы 1969 жылдың 8 қарашасында Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген.

    1987-1991 жылдары Шымкент қаласындағы политехникалық техникумын, 2006-2009 жылдары «Қазақ қатынас жолдары» университетін «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.

    1987-1989 жылдары Кеңес әскері қатарында болған.

    1991-1993 жылдары Қазалы аудандық тұтынушылар одағы мекемесінде электрик болып еңбек еткен.

    1993-1998 жылдар аралығында келісім-шарт бойынша Байқоңыр қаласында әскери қызмет атқарған.

    1998-2011 жылдар аралығында ФГУП НПФ «Космотранс» мекемесінде пойыз бастығы, жолсерік резерв бастығы, теміржол жолаушылар тасымалдау қызмет бастығының орынбасары.

    2011-2019 жылдары ФГУП «ЦЭНКИ» КЦ «Южный» мекемесінде бөлім бастығы, теміржол жолаушылар тасымалдау қызмет бастығының орынбасары.

    2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін жеке кәсіпкер.

    V, VI, VII шақырылымда аудандық мәслихат депутаты болып сайланған.

    «Amanat» партиясының Байқоңыр қалалық филиалының төрағасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері