
Нысанбаев Бақытжан Сағилатұлы
Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Нысанбаев Бақытжан Сағилатұлы 1964 жылы 21 мамырда Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген.
1982-1989 жылдары Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік медицина институтында «Хирург» мамандығы бойынша бітірген.
1989-1990 жылдары Қызылорда облыстық аурухана базасында «Хирург» мамандығы бойынша дәрігерлік интернатурадан өткен.
Еңбек жолын 1990 жылы Қармақшы аудандық ауруханасының хирург дәрігері болып бастаған.
1997-2000 жылдар аралығында аурухананың қан құю, хирургия бөлімшелерінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.
2000-2003 жылдары Қармақшы ауруханасының бас дәрігері.
2003-2006 жылдары Қармақшы аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі.
2006-2014 жылдары аудандық емхананың бас дәрігері.
2014-2017 жылдары аудандық аурухананың бас дәрігері.
2017-2019 жылдары аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары.
2019 жылдан осы уақытқа дейін аудандық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарып келеді.
V, VI, VII шақырылымда аудандық мәслихат депутаты болып сайланған.
«Amanat» партиясының мүшесі.





