Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы

    Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты

    Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы
    Депутат маслихата

    Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы

    Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы 1981 жылы 17 мамырда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген.

    2002 жылы Қызылорда Мемлекеттік университетін «Жырау-фольклортанушы, арнаулы пәндердің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған.

    2004-2005 жылдары облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюссерлік орталығының маманы болып еңбек жолын бастаған.

    2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне қарасты 2017 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеген. Одан кейінгі жылдары «Сыр орманы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық мәдениет басқармасының «Музей, кітапхана, ескерткіштерді қорғау» бөлімінің бас маманы, облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры, Қызылорда облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың директоры қызметтерін атқарған.

    2019 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының «Қорқыт Ата» мемориалды музейінің басшысы қызметін атқарып келеді.
    «Amanat» партиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері