
Бөгетов Болат Әлдебайұлы
Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Бөгетов Болат Әлдебайұлы 1976 жылы 9 маусымда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде дүниеге келген.
1993 жылы Жосалы кентіндегі №105 орта мектебін бітірген.
1997-2000 жылдар аралығында Қызылорда аграрлы-техникалық колледжінде және 2002-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алған.
Алғашқы еңбек жолын 2000-2005 жылдарда ЖК "Сисенов М"-да директордың көмекшісі болып бастаған.
2003-2004 жылдары "Ол кім, бұл не?" газетінің бас редакторы.
2005-2006 жылдары «Шымкентсыра» ЖШС Қызылорда облысы филиалында сауда өкілі.
2006-2015 жылдары филиал директоры.
2015 жылы «Tamerlan trade» ЖШС Қызылорда облысы бойынша аймақтық менеджері.
2016-2017 жылдары Қызылорда облысындағы «Дархан Group» ЖШС филиалының директоры.
2017 жылдан бастап «Олжа» шаруа қожалығының және 2018 жылдан осы күнге дейін «Таңатар» шаруа қожалығының төрағасы.
2023 жылдың 8 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы “Парыз” ұлттық жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) Конфедерациясының Қызылорда облысы бойынша өкілі.
VІІ шақырылымда аудандық мәслихат депутаты болып сайланған.
«Ауыл» партиясының мүшесі.





