Бекбаев Мырзаш Қуандықұлы

    Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты

    Бекбаев Мырзаш Қуандықұлы
    Депутат маслихата

    Бекбаев Мырзаш Қуандықұлы

    Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Бекбаев Мырзаш Қуандықұлы 1965 жылдың 16 қыркүйегінде Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде дүниеге келген.

    2002-2005 жылдар аралығында Қызылорда аграрлы-техникалық колледжінен «Техник-электрик» мамандығын алған.

    Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білімін алған.

    1986 жылы Қызылорда электр желілері мекемесінің Қармақшы электр торабында электромонтер болып еңбек жолын бастаған.

    1983-1985 жылдары аралығында Кеңес әскері қатарында азаматтық борышын өтеген.

    Әр жылдары Қызылорда электр желілері мекемесінің Қармақшы электр торабында диспетчер, шебер, топ инженері болып қызметтер атқарған.

    2003-2009 жылдар аралығында Қармақшы электр торабында бас инженер.

    2009 - 2015 жылдар аралығында Қармақшы электр торабының бастығы қызметінде болған.

    2016-2025 жылдар аралығында «Шиелі Жарығы» Қармақшы аудандық филиалының директоры қызметін атқарған.

    2025 жылдан бастап ҚЭТТК АҚ Қармақшы ауданы бойынша электр энергиясын өткізу бөлімшесінің менеджері.

    V шақырылымда аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған.

    «Amanat» партиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері