Зада Гүлмира Нұрланқызы

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

    Зада Гүлмира Нұрланқызы
    Заместитель руководителя

    Зада Гүлмира Нұрланқызы

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1996 жылы Павлодар теміржол көлігі техникумын электронды-есептеу техникасы мамандығы бойынша тәмамдады;

    2000 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін әлеуметтік саладағы және облыстардағы экономика мамандығы бойынша тәмамдады;

    2007 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдады.

    04.2001 ж. – 01.2002 ж. Павлодар машина жасау колледжі, экономикалық пәндер оқытушысы;

    01.2002 ж. – 12.2003 ж. "Райса сән театры" фирмасы ЖШС, директордың орынбасары;

    12.2003 ж. – 04.2007 ж. "Баянауыл" мәдени ойын-сауық орталығы ЖШС, директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары;

    10.2007 ж. – 02.2009 ж. "Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, жұмыспен қамтудың белсенді нысандары секторының бас маманы;

    02.2009 ж. – 10.2011 ж. "Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ, кәсіпкерлікті дамыту секторының меңгерушісі;

    10.2011 ж.- 08.2016 ж. "Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ, бас маман-бас мемлекеттік ревизор;

    08.2016 ж. – 07.2023 ж. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ, әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау бөлімінің және материалдық өндіріс бөлімінің басшысы.

    08.2023 ж. - 07.2025 ж. Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

    2025 жылғы 08 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері