
Уразалина Жанар Амангельдыевна
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментнің басшысы
Өмірбаян
1986-1992 жж. - Қарағанды мемлекеттік медицина институты, гигиенист, эпидемиолог дәрігері;
2007-2009 жж. – Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» юриспруденция академиясы, құқықтану
1992 – 1994 жж. – Ақтөбе облысы Новорессей аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының коммуналдық гигиена бойынша санитариялық дәрігері;
1994 – 1997 жж. – Алматы облысы Қапшағай қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының тамақтану гигиена бойынша санитариялық дәрігері;
1997 – 2004 жж. – Алматы облысы Қапшағай қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің менгерушісі;
2004 – 2013 жж. – Алматы облысы Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитариялық-гигиеналық бөлімінің бастығы;
2013 – 2014 жж. – Алматы облысы Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің басшысы;
2014 – 2015 жж. – Астана қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы;
2015 – 2016 жж. – Астана қаласы бойынша «Файн отель туризм Ишлетмеджилик» АҚ-ің филиалының әкімшілік бөлімінің гигиенист, эпидемиолог дәрігері;
2016 – 2017 жж. – ҚР ДСӘДМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК медициналық-ақпараттық талдау Департаменттің штаттан тыс маманы;
2017 ж. – ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің амбулаториялық-емханалық басқармасының бас сарапшысы;
2017 – 2018 жж. – Астана қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы;
2018 – 2019 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары;
2019 – 2020 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары;
2020 ж. 18 қарашасынан – 2021 ж. 05 қаңтарына дейін - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары;
2021 ж. 06 қаңтардан бастап және осы уақытқа дейін - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

