
Өмірбаян
1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Алексеевка ауылында дүниеге келген. Білімі — жоғары. 2008 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжін «Ақпараттарды өңдеудің және басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша аяқтаған, ал 2012 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген.
04.01.2003 – 07.10.2008 – Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданы Кернеев орта мектебінің лаборанты;
13.10.2008 – 31.08.2009 – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қайнарлы негізгі мектебінің информатика пәнінің мұғалімі;
19.02.2013 – 01.10.2014 – Теректі аумақтық бөлімінің сот актілерін орындау филиалының іс жүргізушісі;
08.11.2016 – 03.04.2024 – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Теректі ауылдық округі әкімі аппараты басшысының хатшысы;
02.04.2024 – 05.01.2025 – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары;
05.01.2025 – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр бөлімінің бас маманы.




