
Закенов Азамат Жанымканович
Ұйымдастыру және кадр бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1992 жылы Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Алексеевка ауылында туған. Білімі — жоғары, магистрлік дәрежесі бар. 2014 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, ал 2021 жылы осы университеттің магистратурасын сол мамандық бойынша аяқтаған.
25.10.2016 – 26.10.2017 — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы № 2 аудандық сотының кеңсесінде сот мәжілісінің хатшысы — бас маман;
26.10.2017 – 16.06.2024 — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы № 2 аудандық сотының кеңсесінде сот приставы;
16.06.2022 – 03.06.2024 — Өскемен қалалық сотының кеңсесінде сот приставы;
04.06.2024 – 27.11.2024 — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы мәслихаты аппаратының ұйымдастыру және кадр бөлімінің бас маманы;
27.11.2024 жылдан бастап — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы мәслихаты аппаратының ұйымдастыру-кадр бөлімінің басшысы.




