
Өмірбаян
Бақбергенов Арапбай Бақытбекұлы 25 сәуір 1990 жылы Отырар ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары.
2011 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін "Автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы "Отырар аудандық Ветеринарлық қызметі" МКК Талапты ауылдық округі бойынша пунктінде операторы болып бастаған.
2012-2015 жылдары "Отырар аудандық Ветеринарлық қызметі" МКК Шәуілдір ауылдық округі бойынша пунктінде операторы, 2015-2021 жылдары Талапты ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-есепшісі, 2021-2025 жылдары Талапты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісіқызметтерін атқарды.
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 14.07.2025 жылғы шешімімен Ақтөбе ауылдық округінің әкімі болып сайланды.





