
Аким
Орынбасаров Берік Жақсыбекұлы
Отырар ауданы, Шілік ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Орынбасаров Берік Жақсыбекұлы 10 сәуірі 1974 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары.1996 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Мамандығы - заңгер.
Еңбек жолын 1996 жылы Түркістан аудандық «Молда Мұса» атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. 1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасы Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бас маманы, 2008-2024 жылдары Отырар ауданы, Шілік ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқарушысы қызметін атқарған.
06 мамыр 2024 жылдан бастап Отырар ауданы, Шілік ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.





