Шакаева Назым Калкамановна

    Директор

    Шакаева Назым Калкамановна
    Директор

    Шакаева Назым Калкамановна

    Директор

    Өмірбаян

    Абай облысы Семей қаласының «Отбасын және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

    1975 жылы 9 наурызда Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылында дүниеге келген. Ұлты — қазақ.

    Білімі — жоғары.

    • 1981–1992 жж. — Жангизтөбе станциясындағы №234 орта мектепті тәмамдаған;
    • 1992–1994 жж. — Семей бизнес колледжі;
    • 1999–2002 жж. — Семей қаласындағы Қазақ қаржы-экономикалық институты;
    • 2015–2017 жж. — Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, экономика ғылымдарының магистрі.

    Мамандығы бойынша — бухгалтер, бухгалтерлік есеп және аудит, экономика.

    Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген.

    • 1994–1997 жж. — Семей облыстық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы;
    • 1997–2000 жж. — Семей қаласы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы;
    • 2000–2023 жж. — Абай облысы Семей қаласының «Қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық» КММ-нің бас бухгалтері;
    • 2023–2025 жж. — Абай облысы Семей қаласының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ директоры;
    • 2025 жылғы 6 ақпаннан бастап — Абай облысы Семей қаласының «Отбасын және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығы» КММ директоры.
    • 2025 жылғы тамыздан бастап Абай облысының Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілі болып тағайындалған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері