Абайқызы Дариға

    Директор

    Абайқызы Дариға
    Директор

    Абайқызы Дариға

    Директор

    Өмірбаян

    Абайқызы Дариға, 1968 жылдың 15 маусымында Семей облысы, Үржар ауданы, Жаңа тілек ауылында дүниеге келді. Ұлты- қазақ.

    Білімі жоғары. Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институтын бітірді. Мамандығы – бухгалтер, бухгалтерлік есеп және аудит маманы, экономист.

    Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген.

    Еңбек өтілі:

    • 1991–1998 жылдары – бас бухгалтер
    • 1998–2018 жылдары – зейнетақы қорының директоры
    • 2018–2022 жылдары – Достық үйінің бас бухгалтері
    • 2022–2025 жылдары – Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры міндеттерін атқардым.
    • 2025 жылдың 7 ақпанынан бастап – Абай облысы Семей қаласының «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы №3» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры міндетін атқарып келемін.

    Әлеуметтік салада 27 жылдан астам уақыт еңбек етті.

    Абай облысы Семей қалалық мәслихатының 5, 6, 7, 8 шақырылымдарының депутаты.

    2011 жылдан бастап «Аманат» партиясының №24 бастауыш партия ұйымының төрайымы.

    2019 жылы «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Семей аймақтық филиалының төрайымы болып сайланды.

    «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» төсбелгілерімен марапатталды.

    Еліміздің зейнетақы жүйесінің 15 жылдығына орай, 2013 жылы Ұлттық банк «Теңгенің 20 жылдығына» орай, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы қаржы секторын дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік қаржыгер» атанды.

    Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетін дамытуға және жоғары білікті мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін «20 жыл», сонымен қатар 2018 жылғы 16 желтоқсанда «Қоғамдық келісімге қосқан үлесі үшін» атты құрмет белгісімен марапатталды.

    «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ «Кәсіподақ қайраткері» медалі 2024 жылы,

    2024 жылы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы тарапынан «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері