
Алиаскаров Марат Кадирович
«Семей қ. «Шамшырақ» зағип және нашар көретін азаматтарға арналған клуб» КМҚК
Өмірбаян
Марат Кәдірұлы Әлиасқаров 1972 жылы 5 желтоқсанда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы Қараыул селосында дүниеге келген. І топ көз мүгедегі.
Марат отбасында бесінші бала. 1980 – 1990 жылдары Абай атындағы орта мектепті оқып бітіріп шығады. Мектеппен қатар, музыка мектебінде баян классында оқиды. 1991 - 93 жылдары Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесіндегі баян бөлімінде оқиды. 1997 жылы Қазақ зағиптар қоғамы кәсіпорнына жұмысқа кіреді.Жұмыс істеп жүріп 1998 – 2002 жылдары Шәкәрім Университетінің ағылшын тілі факультетін оқып бітіріп шығады.
2002 жылдан осы күнге дейін «Шамшырақ» зағип және нашар көретін азаматтар клубында директор қызметін атқаруда.
1997 жылы Зағиптар қоғамына жұмысқа кіреді. Ағылшын тіліне деген құштарлық , қызығушылық Маратты университетке оқуға итермелейді. 1998 – 2002 жылдары Шәкәрім университетіндегі ағылшын тілі факультетін оқып бітіріп шығады. Сол студент кезінде отбасын құрады. Қазір екі қыз балалары бар. Марат қай жерде жүрсе де қоғамдық – саяси, мәдени өмірге белсене араласып жүреді. Көркемөнерпаздар байқауында мәдениет салаласының қызметкерлерінің көздеріне түседі. «Шамшырақ» клубына директор ретінде жұмысқа алынды.
2007 жылдан бастап «Гаухартас» хоры «Халықтық ұжымы» атағына ие. Талай республикалық, облыстық және қалалық деңгейде өтіп жатқан фестиваль мен байқаулардың дипломанты, Х - Халықаралық «Прииртышские напевы» орыс музыкасы фестивалінің лауреаты, ІХ - Халықаралық «Түрки алтын бешиги» татар музыкасы фестивалінің лауреаты, Т.В. Мега Шоу «Х – Фактор» жобасының қатысушысы, Республикалық мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы «Бәріміз бірдейміз» фестивалінің үздік әнші номинация бойынша жеңімпазы.
Қоғамдық жұмыстарға келсек: Зағиптар қоғамының жол бойындағы дыбысталған бағдаршамды құрғызуға тікелей басшылық етті. 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларында Жапон үкіметінің тікелей қолдауымен мүгедектерді еңбекпен қамтамасыз ету тақырыбы бойынша Окинава аралына 1 айлық жаттығу семинарына барып, қатысып келді. Енді алдағы жоспарында осы семинардан алған оқу тәжірибесін Қазақстанда жүзеге асыру.
Қоғамдық марапаттау жөніндегі Республикалық Кеңесінің төрағасы М.Байділдәұлынан еліміздің мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін «Қазақ мәдениетінің қайраткері» атағын иеленді.




