
Өмірбаян
Сихымбай Алимжан Игілікұлы 1979 жылғы 12 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. 1996–2000 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, 2013–2015 жылдар аралығында М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтында жоғары білім алып, экономист және заңгер-құқықтану мамандықтарын игерген.
Еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қаласының қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастап, мемлекеттік басқару саласында әртүрлі құрылымдарда еңбек етті. 2001–2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаментінде электроншы-бағдарламашы, 2002–2004 жылдары бюджеттік бөлімнің бас маманы қызметтерін атқарды. 2004–2006 жылдары мемлекеттік органдарды, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қаржыландыру бөлімінің бас маманы, 2006–2011 жылдары мемлекеттік органдарды мониторингтеу бөлімінің басшысы болып еңбек етті. 2011–2012 жылдары қаржы басқармасының білім беру, мәдениет және спортқа арналған бюджеттік мониторинг бөлімінің басшысы, 2012–2014 жылдары Тексеру комиссиясында талдау жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2014–2018 жылдары мемлекеттік бақылау бөлімдерінің меңгерушісі және бас бақылаушысы болып жұмыс істеді. 2018–2023 жылдар аралығында Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі, ал 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы болып еңбек етті.
Аудан әкімінің орынбасары төмендегі бөлімдерге жетекшілік етеді:
Экономика және қаржы бөлімі;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі;
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
«Сауран-Су» МКК;
«Сауран ауданының газ инспекциясы» КММ;
«Жасыл Сауран» КММ;
«Сауран Қызмет» КММ;
«Жол қызмет» КММ.



