
Өмірбаян
Букебаев Бақытжан Кеңесбекұлы - 1970 жылдың 4 қаңтарында Түркістан қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-химик, технолог мамандығы бойынша аяқтаған. 2003 жылы - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1991 жылы «Сауран» ғылыми өндірістік бірлестігінде лаборант болып бастаған. 1991-1992 жылдары «Топырақ» кіші кәсіпорнының лаборанты, 1993 жылы «Сауран акционерлік қоғамының лаборанты болды. 1993-1995 жылдары Түркістан қаласы творчестволық өндірістік фирмасының инженері, 1995-1997 жылдар аралығында Түркістан қалалық әкімшілігі инженерлік орталығының инженері, 1997 жылы Шиелі жол жөндеу мекемесінде темір жол шебері болған.
1997-1999 жылдары Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасының, Шиелі аудандық ішкі істер бөліміінде, 2003-2005 жылдары Түркістан қалалық жер кадастр бюросы, инженер - жерге орналастырушы, 2005-2006 жылдары Түркістан қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маман міндетін атқарған.
2006 жылы Түркістан қаласының құрылыс бөлімінің бас маманы, 2006 жылы Түркістан қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, 2006-2008 жылдары Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2008-2009 жылдары Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыру-бақылау секторының меңгерушісі, 2009 жылы Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыру-бақылау секторының бас маманы, 2009-2011 жылдар аралығында Шорнақ ауыл округі әкім орынбасары қызметін атқарды.
2011-2023 жылдары аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып келді.
Аудан әкімінің орынбасары Бөкебаев Бақытжан Кеңесбекұлы
келесі бөлімдер мен мекемелердің жұмысына тікелей басшылық етеді:
Ішкі саясат бөлімі;
Жастар орталығы КММ;
Руханият және талдау орталығы КММ;
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі;
Тілдерді дамыту және оқыту орталығы КММ;
Мәдениет үйі КММ;
Сауран ауданы спорт клубы КММ;
«Бұқаралық және спорт түрлерін дамыту клубы» КММ;
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ;
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
Отбасын қолдау орталығы КММ;
Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ.



