Нұрмағанбетов Арнұр Әлібекұлы

    Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары

    Нұрмағанбетов Арнұр Әлібекұлы
    Заместитель акима

    Нұрмағанбетов Арнұр Әлібекұлы

    Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Нұрмағанбетов Арнұр Әлібекұлы 1985 жылы 3 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Большая Владимировка ауылында дүниеге келген.

    2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану мамандығы бойынша тәмамдаған;

    2009 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті "Экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған;

    2011 жылы Болашақ университеті "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған;

    2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2007 жылы "Қызылорда ауыл шаруашылығы"коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында инженер-жобалаушы болып бастаған.

    2008 жылғы 1 сәуірден 2008 жылғы 15 мамырға дейін "Қызылорда облысының құрылыс басқармасының салынып жатқан газбен жабдықтау объектілері дирекциясы"коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жабдық менеджері.

    2008 - 2011 жж. - Қызылорда облысы құрылыс басқармасының жобалау және инжиниринг жұмыстары бөлімінің бас маманы.

    2011 - 2014 жж. - Қызылорда облысы құрылыс басқармасының жобалау бөлімінің басшысы.

    2014 - 2015 жж. - Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы.

    2015 жылғы 20 мамырдан 2015 жылғы 17 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық және қоғаммен байланыс бөлімінің консультанты.

    2015 - 2017 жж. - Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы.

    2017 - 2022 жж. - Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары.

    2022 - 2025 жылдары - Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары.

    2025 жылғы 26 маусымда Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері