
Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы 1975 жылы 25 тамыз күні Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996-1997 жылдары "Қыркеңсе" шаруашылық серіктестігі, экономика бөлімінде статист ретінде бастаған.
1998-1999 жж. - Астана қалалық әділет басқармасында және Алматы аудандық сотында сот орындаушы;
2000 - 2004 жж. - Жаңақорған ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекші;
2004 - 2010 жж. - Маңғыстау облысының сот админстраторының орынбасары;
2010 - 2011 жж. - Батыс Қазақстан облысының соттары әкімшісі;
2011 - 2016 жж. - Маңғыстау облыстық соты кеңсесінің басшысы;
2016 - 2017 жж. - Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы, Маңғыстау облысы бойынша Жаңаөзен қалалық сотының судьясы;
2019 - 2020 жж. - Ақтау қаласында басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 - 2023 жж. - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарған.
2023 жылғы 23 тамызда қала әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Дархан Есалыұлы экономика және қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, қоғамдық даму, дене тәрбиесі, спорт және туризм, мәдениет салаларына жетекшілік ететін болады.


