Өмірбаян
Ильдебаев Нұрлыбек Ануарбекұлы 1982 жылы 15 мамырда Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласында дүниеге келген.
1999 жылы №2 орыс орта мектебін аяқтаған.
2003 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетінің алғашқы әскери дайындығы мамандығы бойынша аяқтаған.
2003 жылдың тамыз айынан бастап №2 орыс орта мектебінің дене шыңықтыру мұғалімі.
05.2004-05.2005 жылдары әскери борышын «Шығыс» аумақтық басқармасының ҰҚК ШҚ 2091 «Р» әскер бөлімінің, Жаркент қаласы, Панфилов ауданы Алматы облысы Жаркент шекара қызметінде өтеген.
2005 жылдың мамарынан бастап жұмысын №2 орыс орта мектебінде дене шыңықтыру мұғалімі болып жалғастырған.
2007 жылы Қарағанды экономикалық қазтұтынуодағы университетінің экономика саласын құқықтық реттеу, заңтану бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.
17.09.2007 жылдан бастап аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.
01.08.2008 – 24.10.2011 жылдар аралығында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы.
24.10.2011-07.12.2015 жылдар аралығында аудан әкімі аппаратының құжаттамалық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
07.12.2015-16.10.2020 жылдар аралығында Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысы.
16.10.2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.
.





