
Өмірбаян
Білім және жалпы ақпарат
Акимбаев Мұратбек Зекенович, 1973 жылы 9 тамызда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінде дүниеге келді. 1980-1990 жылдары №16 орта мектепті бітірді. Екі жоғары білімі бар. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тарих және әлеуметтік-саяси пәндерінің оқытушысы және Қазақстан-Ресей университетінің заңгер мамандығы бойынша аяқтады.
Мансап
Еңбек жолымды 1992 жылы Қарағайлы өндірістік-құрылыс мекемесінде құрылысшы болып бастады. 1994 жылдан №16 орта мектепте мұғалім, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2006-2022 жылдары мектеп директоры қызметін атқарды. 2022 жылдың 16 қазанда Қарағайлы кенті әкімі болып сайланды.




