
Пронина Вера Валентиновна
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі»КММ директоры
Өмірбаян
Пронина Вера Валентиновна 1966 жылы 3 қаңтарда Алтай өлкесі Углов ауданы Угловск ауылында қызметкер отбасында дүниеге келген. орыс. Қазақстан Республикасының азаматы, білімі жоғары, бірінші санаттағы мұғалім.
1983 жылы Угловск орта мектебін бітірді. Сол жылы Барнаул мемлекеттік педагогикалық институтына математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсті.
1987 ж. - Угловский Пионерлер үйінде үйірме жетекшісі.
1989 жылы - Семей-21 №2 балабақшасының тәрбиешісі.
1993 ж. – Семей-21 кентіндегі №1 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі, кейіннен №1 мектептің жабылуына байланысты №3 орта мектепке математика пәнінің мұғалімі-психолог болып ауыстырылды.
1996 жылы директордың ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін Курчатов қаласының №3 орта мектебінің директоры.




