
Дүйсембеков Ерік Нұргелдыұлы
«Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бөлім басшысы
Өмірбаян
1990 жылы 1 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келді.2011 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2015 жылы Р.Байсейтов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжін есеп және аудит мамандығы бойынша бітіріп шықты.
20.02.2012 – 07.09.2012 жж «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ, Қарауыл ауылы.
07.09.2012 – 15.01.2015 жж ШҚО Абай ауданы Қарауыл бөлімшесі, Семей қаласындағы «KazMicroFinance» МҚҰ» ЖШС филиалының кредиттік сарапшысы.
15.01.2015 – 05.01.2016 жж ШҚО Абай ауданы Қарауыл бөлімшесінің Семей қаласындағы «KMF» МҚҰ» ЖШС филиалында аға кредиттік сарапшы.
22.08.2016 – 02.10.2017 жж ШҚО Калбатау ауылындағы (1-деңгей) кредиттік бөлімнің меңгерушісі, Семей қаласындағы «KMF» МҚҰ» ЖШС филиалы.
02.10.2017 – 15.06.2018 жж ШҚО Абай ауданы Қарауыл кредиттік бөлімшесінің (2-деңгей) меңгерушісі, Семей қаласындағы «KMF» МҚҰ» ЖШС филиалы.
16.06.2018 – 11.09.2019 жж «Дүйсембеков Е. Н.» жеке кәсіпкерлігінің басшысы, Қарауыл ауылы.
11.09.2019 – 09.01.2024 жж «Ержәнібек» шаруа қожалығының басшысы, Қарауыл ауылы.
14.08.2020 – 24.03.2022 жж «Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі.
24.03.2022 – 01.08.2022 жж Абай ауданы, Қарауыл ауылы, «AMANAT» партиясының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі.
30.12.2022 – 19.11.2023 жж Абай аудандық аумақтық комиссиясының хатшысы, Қарауыл ауылы.
11.12.2023 – 15.01.2026 жж Абай облысы Абай ауданы Қарауыл ауылдық округінің әкімі, Қарауыл ауылы.
29.01.2026 жылдан қазіргі уақытқа дейін Абай облысы Курчатов қаласының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бөлім басшысы.




