
Мұстафаев Ғалымжан Әлиакбарұлы
Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Ғалымжан Мұстафаев 1978 жылы 7 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (құқықтану), «Болашақ» университетін (экономика) тәмамдаған.
Отбасылы, 3 бала тәрбилеуде.
Еңбек жолын 1995 жылы Қызылорда қалалық сотының сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы болып бастаған.
1999-2001 ж.ж. – ауысу тәртібімен Қазалы аудандық мемлекеттік нотариалдық кеңсесінің консультанты, маманы.
2002-2005 ж.ж. – Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы, бөлім басшысы, қала әкімінің көмекшісі.
2005-2008 ж.ж. – жеке кәсіпкер.
2008-2010 ж.ж. – ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті заң бөлімінің бас маманы.
2010-2022 ж.ж. – Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары.
2022-2023 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Ойын бизнесін және лотерея қызметін үйлестіру басқармасының басшысы.
2023-2024 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы.
2024-2025 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы қызметін атқарды.
09.01.2025 ж бүгінгі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары.
