Алиманов Серик Бахтыгерейұлы

    Басшының орынбасары

    Алиманов Серик Бахтыгерейұлы
    Заместитель руководителя

    Алиманов Серик Бахтыгерейұлы

    Басшының орынбасары

    Өмірбаян

    Серік Бахтыгерейұлы Алиманов 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында дүниеге келген. «Инженер-механик» мамандығында Қазақ политехникалық институтының Қаратау филиалын, «Экономика және бизнес» мамандығында Халықтар достығы университетін, сондай ақ, Л.Б. Гончаров атындағы қазақ автомобил жол академиясының магистратурасын бітірген.

    Еңбек жолын 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бөген атажол бөлімінде жол шебері болып бастаған, 1996 жылы Арыс ауданы, «Дермене» АҚ-ның Шаян бөлімшесінің аға есепшісі, басқарушысы қызметін атқарған. 2001-2011 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы. 2011 жылдан ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік және кадр жұмысы бөлімінің басшысы, Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаментінің қаржы және ұйымдық – бақылауды қамсыздандыру бөлімінің басшысы, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы қызметін атқарған.
    2014 жылы Австралия мемлекетінің Сидней қаласында «Адами ресурстарды басқару» тақырыбында, (HRDA) Адами ресурстарды дамыту орталығында, 2015 жылы Финландия мемлекетінің Хельсинки қаласында «Кадрлардың жұмысын ұйымдастыру және басқару» тақырыбында білімін жетілдіруден өткен. 2011 жылы «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, 2015 жыл «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, 2020 жылы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері