
Бегежанов Эрлан Бахитович
Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
Өмірбаян
1977 жылғы 7 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» және «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы, Қазақстан Республикасының СІМ-нің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
09.1998 ж. бастап 12.1998 ж. дейін Қарағанды қ., Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Экономикалық теория және халықаралық экномикалық қатынастар кафедрасының мұғалімі болып жұмыс істеді.
04.2003 ж. бастап 06.2004 ж. дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка департаменті Таяу Шығыс бөлімінің атташесі, Аппаратының атташесі, Баспасөз қызметінің атташесі, Министрдің кеңсесінің үшінші хатшысы қызметтерін атқарды.
06.2004 ж. бастап 08.2007 ж. дейін Вильнюс қ. Қазақстан Республикасының Литва Республикасыңдағы Елшілігің екінші хатшысы лауазымында жұмыс істеді.
08.2007 ж. бастап 02.2009 ж. дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұымдар және көпжақты ынтымақтастық департаментінің Халықаралық-экономиқалық және қаржылық ұйымдар бөлімінің басшысы, Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Халықаралық-экономиқалық және қаржылық ұйымдар бөлімінің басшысы, Көпжақты ынтымақтастық департаменті Халықаралық экономиқалық және қаржылық ұйымдар басқармасының кеңесшісі, Көпжақты ынтымақтастық департаменті Көпжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
02.2009 ж. бастап 05.2011 ж. дейін Вена қ. Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы лауазымында жұмыс істеді.
05.2011 ж. бастап 11.2014 ж. дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті Ислам Конференциясы Ұйымы басқармасының бастығы, Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директорының орынбасары, Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
11.2014 ж. бастап 07.2019 ж. дейін Лондон қ. Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесші-өкілі, Уашингтон қ. Қазақстан Республикасының Америка Құрамы Штаттарындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі лауазымдарында жұмыс істеді.
09.2019 г. бастап 07.2021 ж. дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономиқалық саясат департаменті директорының орынбасары, Ресей, Кавказ және еуропалық ТМД елдер департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
07.2021 г. бастап 07.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді.
08.2025 ж. бастап Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры қызметін атқаруда.

