Есмағанбетов Роллан Нұрланұлы

    Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары

    Есмағанбетов Роллан Нұрланұлы
    Заместитель Председателя

    Есмағанбетов Роллан Нұрланұлы

    Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Есмағанбетов Роллан Нұрланұлы 1986 жылғы 2 маусымда Семей облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген.

    2007 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.

    Еңбек жолын 2007 жылы Аягөз қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 50 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы болып бастаған.

    2008 жылғы қарашадан 2009 жылғы қазанға дейін – Семей қаласының Өртке қарсы қызмет жасағы № 45 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы.

    2009 жылғы қазаннан 2013 жылғы мамырға дейін - Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Семей қаласы басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің инженері, аға инженері.

    2013 жылдың маусым-шілде айлары аралығында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Семей қаласының жасағы № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.

    2013 жылғы шілдеден 2015 жылғы ақпанға дейін – Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Абай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.

    2015 жылғы ақпан айынан 2016 жылғы сәуір айына дейін – Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ кәсіби дайындық мектебінің аға оқытушысы, бастығының орынбасары.

    2016 жылғы сәуір айынан бастап 2020 жылғы қараша айына дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Штаб-басқармасы аумақтық бөлімшелерді инспекциялау бөлімінің бас маманы.

    2020 жылғы қазан айынан 2024 жылғы шілдеге дейін – Қазақстан Республикасы ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, Төтенше жағдайларды жою департаменті Авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары басқармасының бастығы.

    2024 жылғы шілде айынан Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

    2025 жылғы сәуір айынан Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері