
Жылқайдаров Әсет Думанұлы
Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Әсет Думанұлы Жылқайдаров 1989 жылы 16 қаңтарда Ақмола облысында дүниеге келген.
Білімі: жоғары 2010 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
2024 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
Азаматтық қорғау органдарында қызметін 2006 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының курсанты болып бастаған.
2010 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы
мен Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппаратында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2025 жылғы 6 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

