
Ұлыкбеков Жұбаныш Ұлыкбекұлы
Ұйымдастыру жұмысы, заң, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жұбаныш Ұлықбеков – 1987 жылы 19 қарашада Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2005-2009 жылы Семей қаласындағы Қазақ Қаржы-Экономикалық Академиясын «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша оқып бітірген.
2010 жылы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің жетекші маманы, 2011-2014 жылы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарған.
Ал, 2014-2018 жылдары Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы болды. 2018-2019 жылы Тарбағатай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды. 2019-2022 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
2022 жылдың қыркүйек айынан күні бүгінге дейін Ақсуат ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, заң, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.





