Басқарма төрағасы
Буркитбаев Жандос Конысович
«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы
Өмірбаян
Білімі:
- 1996 жылы – Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген.
- 2003 жылы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
- 2007 жылы – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын бітірген.
- 2018 жылы – «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің магистратурасын тәмамдаған.
Ғылыми дәрежелері:
- 2003 жылы – медицина ғылымдарының кандидаты.
- 2023 жылы – медицина ғылымдарының докторы.
- 2024 жылы – философия докторы (PhD).
Мемлекеттік наградалары:
- 2003 жылы – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі.
- 2012 жылы – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.
- 2014 жылы – «Шапағат» медалі.
- 2016 жылы – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі.
- 2018 жылы – «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі.
- 2021 жылы – «Парасат» ордені.
Еңбек жолы
- 02.09.1996 – 15.06.1998 – Алматы қаласындағы Қалалық жедел жәрдем клиникалық ауруханасында терапевт дәрігер.
- 01.08.1998 – 30.04.1999 – Алматы қаласындағы Республикалық апаттар медицинасы орталығында терапевт дәрігер.
- 12.03.1999 – 16.07.2000 – Астана қаласында Денсаулық сақтау комитетінің медициналық ғылым бөлімінің бас маманы.
- 17.07.2000 – 08.04.2001 – Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігінің дәрілік саясат бөлімінің бас маманы.
- 09.04.2001 – 03.01.2002 – Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігінің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бастығы.
- 04.01.2002 – 27.12.2004 – Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп комитетінің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту басқармасының бастығы.
- 01.01.2005 – 11.09.2007 – «Ақтөберентген» АҚ атқарушы директоры, Астана қаласы.
- 12.09.2007 – 27.11.2008 – Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
- 28.11.2008 – 27.01.2009 – Астана қаласындағы МКК «Қан орталығы» бас дәрігерінің міндетін атқарушы.
- 28.01.2009 – 20.10.2010 – Астана қаласындағы МКК «Қан орталығының» директоры.
- 20.10.2010 – 31.03.2012 – Астана қаласындағы ШЖҚ МКК «Қан орталығының» директоры.
- 01.04.2012 – 22.01.2019 – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ РМК «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының» директоры.
- 23.01.2019 – 21.01.2021 – Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы.
- 22.01.2021 – 31.08.2024 – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау вице-министрі, Астана қаласы.
- 02.09.2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы.




