
Өмірбаян
2007 жылы Халықаралық бизнес академиясын «экономика» мамандығы бойынша, 2019 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар университетін «көліктік құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы
Еңбек қызметін 2007 жылы «Арыстан» ЖШС смета инженері болып бастаған. 2012 жылы «А.В. Рязанов атындағы №25 көпір құрылысы отряды» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің инженері қызметін атқарды.
2013–2017 жж. – «А.В. Рязанов атындағы №25 көпір құрылысы отряды» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бас инженері.
2017 жылдың қаңтар–ақпан айларында – «А.В Рязанов атындағы №25 көпір құрылысы отряды» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы.
2017 жылдың мамыр–қараша айларында – «А.В Рязанов атындағы №25 көпір құрылысы отряды» ЖШС жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы.
2017–2019 жж. – Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жол инфрақұрылымы бөлімінің бас маманы.
2019–2022 жж. – Алматы қаласы Қалалық мобильдік басқармасының жол инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы.
2019–2022 жж. – «Арыстан» ЖШС директоры.
2023–2024 жж. – Алматы қаласы Қалалық мобильдік басқармасының жол инфрақұрылымын дамыту бөлімінің бас маманы.
2024–2025 жж. – Алматы қаласы Қалалық мобильдік басқармасы басшысының орынбасары.
2025 жылғы қыркүйектен бастап – Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары.
