
Исламов Әділет Жұмагелдіұлы
Жеке кәсіпкерлікті қолдау және сауда бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Әділет Жұмагелдіұлы Исламов 1991 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген (2013 ж.).
Еңбек жолын 2010 жылы Семей қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасында бастаған;
2011-2012 жылдары – әртүрлі коммерциялық кәсіпорындарда жұмыс істеді;
2012 жылы – Семей қаласының № 2 соты кеңсесінде іс жүргізуші;
2014-2022 жылдары – Астана және Семей қалаларындағы екінші деңгейдегі банктерде ШОБ тарту және дамыту жөніндегі менеджер, операциялық басқарманың жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету жөніндегі бас менеджері, кредиттік өнімдерді сату бөлімінің топ бастығы, сектор меңгерушісі;
2022-2024 жылдары – Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің (ШОБ) бас маманы, туризмді дамыту және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бас маманы;
2024-2025 жылдары – Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының туризмді дамыту және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің басшысы, өнеркәсіпті дамыту және индустриялық-инновациялық даму бөлімінің басшысы;
2025 жылғы 4 қарашада Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және сауда бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

