
. Гүлдана Елемесқызы
Жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Елемесқызы Гүлдана 1982 жылы 12 маусымда Семей облысы Семей қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін "Тарих, құқық және экономика негіздері" мамандығы бойынша, 2006 жылы Халықаралық бизнес университетін "Экономика" мамандығы бойынша, 2009 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы "Азия кредиттік қоры" қоғамдық қорының кредиттік талдаушысы қызметінен бастады және 2022 жылға дейін әр түрлі жеке салаларда жұмыс істеді.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 31.08.2022 жылдан 13.05.2024 жылға дейін Абай облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы болып бастады.
14.05.2024 жылдан бастап б.к.д. Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы.

