
Өтегенов Нұралы Асылбекұлы
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Отбасын қолдау орталығы" КММ директорының м.а.
Өмірбаян
Өтегенов Нұралы Асылбекұлы 1993 жылғы 15 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012–2015 жылдары Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын білім саласында бастаған. Алғашқы кәсіби қызметін Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде арнайы пән мұғалімі ретінде атқарды.
Кейін аталған оқу орнында оқу ісі жөніндегі басшының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қызметі барысында жастар саясаты мен білім беру саласын дамытуға бағытталған бірқатар қоғамдық бастамаларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқырман клубын құрып, Жаңаөзен қаласындағы №11 мектепте 5–7 сынып оқушылары арасында кітап оқу сайысын ұйымдастырды. Аталған бастама ата-аналар мен ұстаздар тарапынан жоғары бағаланып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң ықпал етті.
Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы әкімдігінің Отбасын қолдау орталығында директордың міндетін атқарушы қызметін атқарып келеді.
Қызметі шеңберінде отбасылық құндылықтарды нығайту, әлеуметтік мәселелерді шешу, сондай-ақ тұрғындарға психологиялық және ақпараттық көмек көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.





