
Мұрынов Нұрлан Көлбайұлы
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Ата мұра" ЖБҚ МКҚК директоры
Өмірбаян
Мұрынов Нұрлан Көлбайұлы 1990 жылғы 1 қарашада Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстанда дүниеге келген. Жоғары білімді. Маңғыстау облыстық «Өнер» колледжінде дәстүрлі музыка бағыты бойынша білім алып, Шымкент қаласындағы Silkway Халықаралық университетін «Музыкалық білім» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын мәдениет және өнер саласында бастаған.
Әр жылдары мәдениет мекемелерінде шығармашылық және басшылық бағыттағы қызметтер атқарып, ұлттық өнерді дамыту мен насихаттау саласында белсенді еңбек етті.
Теңге ауылына қарасты «Ата мұра» мәдениет үйінде «Жыр-терме» үйірмесінің жетекшісі, көркемдік жетекші қызметтерін атқарды.
Шығармашылық ұжымдарды ұйымдастырып, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге үлес қосты.
Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Ата мұра" ЖБҚ МКҚК директоры қызметін атқаруда.




