
Өмірбаян
Бөгетбаев Дархан Нұрлыбекұлы 1994 жылғы 28 қаңтарда Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылында туған.
Білімі жоғары, 2015 жылы «КАЗ-ГЮУ университеті» АҚ құқық қорғау қызметі мамандығы, 2017 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2015 жылы «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімі бас маманының міндетін атқарушы болып бастады.
2016 жылғы наурыздан 2018 жылғы желтоқсанға дейін «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2018 жылғы желтоқсаннан 2020 жылғы маусымға дейін «Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Амангелді ауылдық округі әкімінің орынбасары.
2020 жылғы маусымнан 2021 жылғы қаңтарға дейін «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік-саяси бөлімінің бас маманы.
2021 жылғы ақпаннан 2022 жылғы тамызға дейін «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік-саяси бөлімінің бас маманы - кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы.
2022 жылғы ақпаннан қыркүйекке дейін «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы.
2022 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы ақпанға дейін «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.
2024 жылғы ақпаннан 2025 жылғы сәуірге дейін Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2025 жылдың сәуір айынан бастап Қостанай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Аудан әкімі аппаратының, әкімдігінің жұмысын ақпараттық, талдамалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және материалдық - техникалық қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырады.
Аудан әкімі аппаратына басшылықты, аудан әкімі аппаратының жұмысын перспективалық және ағымдағы жоспарлауды жүзеге асырады.
Аппарат қызметінің әрекеттерін аудан әкімінің орынбасарларымен келіседі, аудандық мекемелердің, ауылдық округтер, Тобыл қаласы әкімдері аппараттарының Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтарын, Үкімет қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, әкімдік қаулыларын орындау мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді.
Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын аппарат қызметкерлерін еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды, қызметтен босатады.
Кадрларды іріктеу және мемлекеттік органдарды реформалау мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметті үйлестіреді.
Мемлекеттік мекемелерде ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етуді және сүйемелдеуді бақылайды.
Аудан әкімдігінің отырыстарын өткізуді, кеңестер дайындауды және өткізуді ұйымдастырады.
Аудан әкімі аппаратында іс жүргізуді бақылайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Аудан әкімінің және оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыруына бақылау жүргізеді.
Құжаттарды орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды ұйымдастырады.
Ауданның мемлекеттік мекемелерінде ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді
Жетекшілік етеді:
құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштердің қаралуын бақылау бөліміне,
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау және мониторинг жүргізу бөліміне,
кадр қызметі бөліміне,
ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөліміне,
құқықтық жұмыс бөліміне,
жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және терроризмнің алдын алу жөніндегі бөліміне,
қаржы - шаруашылық бөліміне,
ауылдық округтер, Тобыл қаласы әкімдеріне.



