
Өмірбаян
1986 жылы 22 желтоқсанда Қостанай облысы Затобол кентінде туған.
Білімі жоғары, 2008 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша; 2015 жылы Мәскеу қаласындағы қазіргі гуманитарлық академияны экономика мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылғы сәуірден 2015 жылғы қарашаға дейін "ALASAR Investments" ЖШС директоры, 2011 жылғы қаңтардан 2015 жылғы қарашаға дейін "Ждановское"шаруа қожалығының басшысы болды. 2015 жылғы қарашадан 2016 жылғы шілдеге дейін "ТКШ жөндеу"ЖШС директоры болып жұмыс істеді.
2016 жылдың шілде айында "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ басшысының міндетін атқарушы болып қабылданды. 2016 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың мамырына дейін - "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ басшысы.
2017 жылғы 25 мамырдан 2019 жылғы 11 қарашаға дейін Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылғы 12 қарашадан 2024 жылғы 24 желтоқсанға дейін "Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы"ММ басшысы.
2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап - Қостанай ауданының әкімі
Аудан аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, жоғарыда тұрған мемлекеттік органдардың басқа да актілері нормалрының орындалуын ұйымдастырады. «Қазақстан - 2030», «Қазақстан – 2050» стратегияларының орындалуын бақылайды және ұйымдастырады. Кадр саясатын жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - шаралар жүргізу бойынша шаралар қабылдайды.
Мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, ауданның әлеуметтік - экономикалық даму ахуалына жауапты.
Жұмысты үйлестіреді:
Аудан әкімі орынбасарларының, аудан әкімдігінің мемлекеттік мекеме басшыларының, ауылдық округтердің, Тобыл қаласы әкімінің.
Қызметін басқарады:
аудан әкімдігінің,
Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның,
Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның,
Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның,
бюджеттік комиссияның,
жастар ісі жөніндегі кеңестің.
Бірлесе іс - қимыл жасауды жүзеге асырады:
Қостанай ауданының прокуратурасымен,
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаменті Қостанай ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен,
Қостанай аудандық сотымен.



