Әбдікәрімов Нұржан Оразбекұлы

    Әкім

    Әбдікәрімов Нұржан Оразбекұлы
    Әкім

    Әбдікәрімов Нұржан Оразбекұлы

    Әкім

    Өмірбаян

    1971 жылы 9 мамырда Үржар ауданы, Сегізбай ауылында дүниеге келген.

    1996 жылы Семей мемлекеттік университетін «Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі» мамандығын, 2013 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1988 жылы Семей облысы Таскескен ауданындағы Тасбұлақ орта мектебінде мұғалім болып бастады.

    1988 – 2007 жылдары жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші және мекеме директоры қызметтерін атқарды;

    2007 - 2009 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Салқынбел ауылдық округінің әкімі;

    2009-2013 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық білім бөлімінің басшысы;

    2013-2017 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы;

    2017-2021 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің орынбасары;

    2021-2023 жылдары - Абай облысы Абай ауданының әкімі;

    2023-2024 жылдары - Абай облысы әкімінің кеңесшісі;

    2024-2025 жылдары - Абай облысы «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы;

    2025 жылғы 22 мамырдан 2025 жылдың 30 шілдесіне дейін Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімінің кеңесшісі;

    2025 жылғы 31 шілдеден бастап Абай облысы Жаңасемей ауданының әкімі болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері