
Қанатов Асхат Қанатұлы
Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Қанатов Асхат Қанатұлы 1990 жылы Қызылорда облысында туған.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы, «Нархоз» университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы №4 мектептің информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
08.2015-09.2016 жылдары "Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы" ММ-нің Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің әдіскері;
10.2016-01.2017 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының әдіскері;
09.2016-09.2019 жылдары "Қызылорда қаласының Ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
09.2019-06.2022 жылдары "Қызылорда қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы;
06.2022-04.2023 жылдары "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" КММ Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы;
04.2023-07.2023 жылдары "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" КММ Қызылорда облысы әкімінің хатшылығы Әлеуметтік-саяси секторының меңгерушісі;
2023 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әлеуметтік-саяси бөлімінің басшысы.
2025 жылғы 28 ақпаннан бастап Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары


