
Есжанов Асқарбек Темірбекұлы
Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы
Өмірбаян
1999 жылы атындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Тарих және құқық пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген.
Асқарбек Темірбекұлы 1978 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда экология және құқық колледжінің оқытушысы болып бастаған. Әр жылдары облыстық мәдениет басқармасында, облыстық білім департаменті мен соттар әкімшісінде түрлі жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.
2007-2010 жылдары Қызылорда қалалық білім беру бөлімі бастығының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің бастығы болған. 2010-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған. 2015-2020 жылдары Қызылорда қалалық білім бөлімінің, Қызылорда қалалық мәслихат аппаратының, Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерінде жемісті еңбек етті. 2020-2022 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы ретінде нәтижелі жұмыс көрсетті.
2022 жылдың сәуір айынан бастап Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарып келді.


