
Керимов Ерлан Калимолдаевич
Департамент басшысының орынбасары
Өмірбаян
1976 жылы 7 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген
Білімі:
1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген 2008 жылы Ресей кеден академиясын бітірді
2018 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында магистратураны бітірді
Еңбек жолын 1998 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Әділет министрлігі Заңнама және халықаралық құқық департаменті заңнамалық жұмыстар және құқықтық сараптама басқармасының бас маманы қызметінен бастады. 2000 жылдың қыркүйек айынан кейін, кедендік күзет және режим басқармасының инспекторы, жедел-іздестіру бөлімінің инспекторы, ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Кеден комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бас кеден басқармасының контрабандаға және кедендік ережелерді бұзуға қарсы күрес басқармасының экономикалық контрабандаға қарсы күресті ұйымдастыру бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді 2001 жылдың шілде айында тауарлардың жеткізілуін, транзитін бақылау және электрондық мониторинг бөлімінің жетекші инспекторы, ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Кеден комитетінің кедендік режимдерді бақылау және кедендік ресімдеуді ұйымдастыру Бас басқармасының кеден режимдері басқармасының лицензиялық жұмыс бөлімінің бас инспекторы болып тағайындалды. 2002 жылғы шілдеден 2004 жылғы шілдеге дейін "Қордай"кеденінің кедендік ресімдеу қызметінің бас инспекторы. 2004 жылғы шілде мен 2006 жылғы желтоқсан аралығында "Қордай"кеденінің кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы. 2006 жылғы 26 желтоқсанда ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Әуежай-Орал" кеден бекетінің бастығы болып тағайындалды. 2008 жылғы 13 наурызда ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды. 2009 жылдың қараша айында Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті бастығының орынбасары болып ауыстырылды. 30.06.2011-20.07.2011 Ж. ж. ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасарының м. а./ 2011 жылдың қыркүйек айында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің энергоресурстарды кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бастығы болып тағайындалды. 2012 жылғы 1 тамызда ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы. 2014 жылғы 4 қарашадан 2015 жылғы 15 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2015 жылдың мамыр айынан 2018 жылдың сәуір айына дейін "Зер новая компания" ЖШҚ бас директорының орынбасары, Мәскеу қ. РФ 2018 жылдың қараша айында "Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісі"РММ ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы болып қабылданды. 2019 жылғы 4 сәуірден бастап 01.04.2022 жылға дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы 2022 жылғы қараша мен 2023 жылғы қазан аралығында Алматы қаласы "Қазақстандық үй құрылысы комбинаты" бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 14.02.2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының уақытша міндін атқарушы. 13.03.2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары


