Айтқалиев Нұрлан Айсаұлы

    "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы

    Айтқалиев Нұрлан Айсаұлы
    Руководитель отдела

    Айтқалиев Нұрлан Айсаұлы

    "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Мен Айтқалиев Нұрлан Айсаұлы, 1995 жылы 16-қарашада, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой ауылында дүниеге келдім. 2002 жылдың қыркүйек айынан бастап, Қараой мектеп-бала бақшасына 1-сыныпқа қабылданып, 2013 жылдың мамыр айында 11-сыныпты аяқтап 2015 жылдың қыркүйек айында, Баишев атындағы Ақтөбе университетіне «Педагогика және психология» мамандығына оқуға түсіп, 2019 жылдың маусым айында бакалавр дәрежесін алып, оқуды үздік дипломмен аяқтап, шықтым. 2020-2022 жылдары аралығында, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін, «Математика-Информатика» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иеленіп, екінші жоғары білімі бар жас маман атандым.

    Еңбек жолым туралы: 2019 жылдың тамыз айынан бастап, Қараой мектеп-балабақшасына 5 ай көлемде жастар тәжірибесіне қабылдандым. 2020 жылдың қаңтар айында, осы мектепте, уақытша аға тәлімгер қызметі болып, жұмысымды жалғастырдым. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап, Қарғалы ауданы, Желтау ауылдық округіне, «Бәйтерек» және «Бөбек» балабақшаларына психолог болып жұмысқа орналастым.

    2020-2023 жылдар аралығында «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округінің әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып қызмет жасадым.

    2023-2025 жылдар аралығында «Ойыл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі(кадр қызметі) бөлімінің бас маманы болып қызмет жасадым.

    2025 жылдың 3 наурызынан бастап, «Ойыл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келемін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері