
Бердікенов Айдар Жолдаспекұлы
Ұлан аудандық прокуратурасының аудандық прокурорының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы
Өмірбаян
Бердікенов Айдар Жолдаспекұлы 1987 жылы туған, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратурадағы қызметін 2011 жылы Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы болып бастаған. Одан кейін прокурордың көмекшісі, прокурордың аға көмекшісі, қылмыстық істер басқармасының аға прокуроры қызметтерін атқарды.
Өскемен қалалық прокуратурасының қудалауы.
2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау департаментінің прокуроры қызметін атқарған.
2024 жылы Ұлан ауданы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 13 жылдан астам.
Сыныптық шен – кіші әділет кеңесшісі





