
Ғазизов Ильяс Хабибуллаұлы
Әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
1980 жылы туған . Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін (мұғалім), Көкшетау университетін (заңгер) бітірген. 2025 жылдың 3 наурызынан бастап қызмет атқарады .
Функционалдық мiндеттерi: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл заңнамаларының және Әдеп кодексiнiң талаптарын сақтау мәселелерi бойынша консультативтiк көмек көрсету, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына сәйкес келетiн өзара қатынастар мәдениетiн қалыптастыруға көмек көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызметшiлермен қызметтiк әдеп нормаларын бұзу фактiлерi бойынша өтiнiштерiн қарау. Мемлекеттiк қызметшiлермен қызметтiк әдеп нормаларының сақталуына мониторингтi және бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттiк қызметшiлермен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын заңнамаларын және Әдеп кодексiн сақтау мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзу. Қызметтiк әдеп нормалары бұзушылықтарының алдын алу мақсатында өзге де қызметтердi жүзеге асыру.
Мекен-жайы: Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев к-сі, 1 Б, 315 кабинет
Байланыс телефоны: 8 (716 2) 25-31-78
Электрондық пошта адресі: [email protected]
«Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-ның Әдеп жөніндегі уәкілі әр айдың соңғы бейсенбісінде сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін мемлекеттік қызметшілерді және өзге де азаматтарды қабылдайды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы