
Есмағамбетов Қанат Байарыстанұлы
"Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің төрағасы
Өмірбаян
Есмағамбетов Қанат Байарыстанұлы
Қ.Б. Есмағамбетов, 1963 жылы туған, білімі жоғары, 1985 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін заңгер біліктілігі бойынша үздік бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1980 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданында №100 астық базасының механизаторы болып бастады. 1981 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарында қызмет атқарды.
2009 жылдан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде жұмыс істеді.
Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.
Жоғары санатты мемлекеттік аудитор болып табылады, мемлекеттік аудитордың халықаралық сертификатына ие (Cipfa Public Auditor, Ұлыбритания).


