
Шакиров Аскар Оразалыұлы
ҚР Адам құқықтары жөніндегі Экс-уәкілі (24.09.2007-02.09.2019)
Өмірбаян
Асқар Оразалыұлы Шәкіров 1956 жылы 2 ақпанда Қарағандыда дүниеге келген.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы Азия және Африка елдері институтын (1978) «тарихшы-шығыстанушы» мамандығы бойынша бітірген.
Көрнекті қазақстандық мемлекет қайраткері, дипломат, халықаралық құқық, адам құқықтары және сыртқы саяси қызмет саласындағы маман. Қазақстанның құқық қорғау жүйесін дамытуға, халықаралық байланыстарды нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосты.
Еңбек жолын КСРО Ішкі Істер Министрлігінің академиясындағы құқық қорғау органдарындағы қызметтен бастады, онда БҰҰ қылмысқа қарсы күрес және қылмыстық сот төрелігі комитетіндегі Кеңес Одағы өкілінің жұмысын қамтамасыз ету тобында адъюнкт, инспектор, аға инспектор лауазымдарын атқарды (1978-1987).
КСРО Ішкі істер министрлігінің Сыртқы қатынастар бөлімінің референті (1987-1989).
КСРО Ішкі Істер Министрлігінің ВНИИ бөлімінің бастығы қызметін атқарды (1989-1992).
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде ұзақ уақыт жұмыс істеді: ҚР СІМ шарттық-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, бастығының орынбасары, бас шарттық-құқықтық басқармасының бастығы (1992-1995), кейін Корея Республикасында ҚР істерінде уақытша сенім білдірілген өкіл (04.1995–03.1996) және ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (03.1996–04.1996) қызметтерін атқарды). Бұдан әрі ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары (04.1996–11.1997) болып тағайындалды және бір мезгілде Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментін басқарды (06.1997–11.1997), одан кейін 4-ші департаменттің вице – министрі-директоры (1997-1998) және ҚР Сыртқы істер вице-министрі (02.1998–08.1998) қызметін атқарды. Кейін ҚР Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (08.1998–08.2004), кейін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары (08.2004–02.2006) болды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (02.2006–07.06.2007).
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл болып тағайындалды (24.09.2007; қайта тағайындалды 09.2012, 04.09.2017–02.09.2019).
Сайланбалы лауазымдар, депутаттық
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (12.08.2019, 24.01.2023–26.09.2023 қайта тағайындалды).
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Орынбасары (02.09.2019–24.01.2023).
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (26.01.2023–26.09.2023).
Басқа лауазымдар
« Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (11.2004–09.2006).
Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары (ЕҚЫҰ) (07.2021).
«ҚазМұнайГаз» ҰК Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор (11.2023 бастап).
«Құрмет» (2010), «Парасат» (16.12.2021) ордендерімен марапатталған.



