
Сапарбеков Беркін Нұрсайынұлы
Жылыой ауданы әкімдігінің жалпы бөлім басшысы
Өмірбаян
Сапарбеков Беркін Нұрсаиынұлы 1992 жылы 2 маусымда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келді.
2014 жылы Алматы қаласы, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын бітірді.
2015 жылы Жылыой ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінде инспектор болып еңбек жолын бастады.
2019 жылдың сәуір айынан 2022 жылдың мамыр айына дейін Жылыой ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маман қызметінде жасады.
2022 жылдың мамыр айынан 2022 жылдың қазан айына дейін Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың қараша айынан бастап Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі уақытта Жылыой ауданы әкімдігінде жалпы бөлім басшысы қызметін атқарады.





