
Өмірбаян
Баймұратов Сансызбай Кеңесұлы -1979 жылы 6 қаңтарда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкино селосы РТС поселкесінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1986 жылы Б.Бегалиев атындағы орта білім беретін мектебіне қабылданып, 1994 бітірді.
1994 жылы №12 кәсіптік техникалық училищесіне қабылданып, 1997 жылы «тракторист-машинист» мамандығы, 2000 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне түсіп 2005 жылы бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі мамандығы, 2016 жылы Батыс Қазақстан иновациялық-технологиялық университетіне түсіп, 2018 жылы дене шынықтыру және спорт мамандығы берілген.
1997 - 2000 жылдары, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылы Б.Бегалиев атындағы орта мектеп лаборанты
2001-2003 жылдары, Атырау облысы, Жылыой ауданы Құлсары қаласы №9 жоғары сатылы мектеп еңбек пәні мұғалімі
2003 -2010 жылдары Атырау облысы, Жылыой ауданы Құлсары қаласы, №9 жоғары сатылы мектеп, дене тәрбиесі пәні мұғалімі
2010-2014 жылдары Атырау облысы, Жылыой ауданы Құлсары қаласы, №7 Е.Халықов атындағы орта мектеп директоры
2014-2016 жылдары Атырау облысы, Жылыой ауданы Құлсары қаласы, Жылыой ауданы білім бөлімі, әдіскер
2016-2019 Атырау облысы, Жылыой ауданы Құлсары қаласы, Жылыой ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
06.03.2019 жылдан осы уақытқа дейiн Жаңа Қаратон кентінің әкімі
Отбасылы





